Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде Mister Virtual анықталды

Ақтөбеде Mister Virtual анықталды

Ағымдағы жылдың 31 тамыз күні  «KeruenCity» сауда, ойын-сауық орталығында Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы және City04.kz ұжымының ұйымдастыруымен салтанатты түрде «Мистер Виртуал Ақтөбе-2019» атты облыстық байқауының қорытынды нәтижесі бойынша байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

18-25 жас аралығындағы жастар арасында, онлайн форматта өткізілген «Мистер Виртуал Ақтөбе – 2019» байқауы 2 кезеңде өтті;

I кезең – сайысқа қатысу үшін қатысушы өзінің фотосын #misterjro2019 хэштегімен парақшасына жүктеу арқылы өтінім беріліп, фото 2019 жылдың 15-ші тамызына дейін қабылданды;

II кезең – қатысушының фотосуреттері @aktobejro инстаграм парақшасына салынып, қатысушының суретіне берілген дауыс арқылы жеңімпаздар анықталды.

Дауыс беру фото салынған күннен бастап, 15-ші тамызға дейін созылды.

Сұлулықты, үйлесімділік пен жеке тұлғаның мінсіздігін насихаттауды, жастар арасындағы гуманистік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық талғамға үйретуді мақсат тұтқан байқау бүгінде өз мәресіне жетіп ең деген ер азаматтарды анықтады.

Аталмыш байқауға қаламыздан өтінім білдергендер көп болғанына қарамастан ақтық кезеңге 10 жігіт таңдалып алынды. Нәтежиесінде: Бас жүлдені — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Бахытжанов Қайрат иеленді. I-орынды — Куанышев Серікболсын, II-орынды қала тұрғыны Жомартұлы Алтын-Айдар, III-орынды Ақтөбе қаласының тұрғыны Тлеумбетов Аспандияр қамшылады.

Бас жүлдені иеленген Қайрат есімді жігіт өзінің осы сайыстағы жеңісі талай жылдар қатысым білдірген байқаулардан жиналған тәжірюие екенін алға тартты.

Өзінің басы бос екенін айтқан Мистер Виртуалға өзін сенімділікке ұмтылдыратын аталмыш сайыстарда бақ сынастырған ұнайды екен.

Жеңімпаздар «Sport_x_aktobe», «Ismer Workshop» дүкендері дайындаған сыйлықтармен марапатталды.

 

https://www.city04.kz/news/2498825/aktbede-mister-virtual-anyktaldy