Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті Жолдауды қолдады

Жұбанов университеті Жолдауды қолдады

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылды.

Жаңа оқу жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауымен танысудан бастаған Жұбанов университетінің ұжымы Жолдауда аталған міндеттерді жан-жақты талқылады.

Жұбанов университетінің  ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков: «Бүгінгі Жолдауының әр тармағына біздің көңіліміз толды. Себебі, Мемлекет басшысының реформалары бізге ауадай қажет. Мен біздің саламызға қатысты кейбір мәселелерді белсенді түрде енгізіп жатқанына өте қуаныштымын», — деді.                                                                                                                                       Бауыржан Аманкелдіұлы Мемлекет басшысының ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау қажеттілігі туралы айтқан сөзінің маңыздылығын атап өтіп, бір жыл бұрын университетте стартап ретінде құрылған «Зерек» балаларды дамыту орталығында педагогика  факультетінің студенттері сөйлеу кемістігі бар балалармен жұмыс жасайтынын тілге тиек етті.   Сонымен қатар, ректордың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, Жұбанов университеті ауыл мен ауылдық мектептердің дамуына қолдау көрсетеді. Білім сапасын арттыру үшін университетте математика-информатика, математика-физика, физика-информатика, химия-биология, тарих-дінтану, география-тарих сияқты қос мамандықтар енгізілуде, олар пән мұғалімдерінің жетіспеушілігін құрайды, сондай-ақ «Қазақ, орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс филологиясы» кафедраларында орыс тілінің жетіспейтін оқытушыларын дайындайды. Мұндай дипломы бар мамандар шалғайдағы ауылдағы шағын мектепте сабақ бере алады.

Бауыржан Ердембеков университеттегі белсенді еріктілер қозғалысының жұмысы туралы сөз етті. Олардың қатарындағы «Жұбанов жылуы» клубының еріктілері жағдайы төмен, науқас балалар мен жетімдерге қолдау көрсетеді.

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылаған университет ұжымы  Жолдауды және алдағы бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.