Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

Ақтөбеде қытайлық зауыттар салынбайды! Бұл мемлекет үшін де, шетелдік инвесторларға да тиімсіз жоба.  Президент жолдауын талқылауға жиналған облыс автиві мәжілісінде аймақ басшысы Оңдасын Оразалин осылай деді. Алқалы жиында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер мен саяси бағдарламаның маңызды тұстары жан-жақты талқыланды. Гүлдана Абайқызы жалғастырады. {СЮЖЕТ }
Бұл жолдау бұрынғыдан әлдеқайда өзгерек. Тәуелсіз елдің тарихындағы екінші Президенттің халыққа ұсынған алғашқы бағыт-бағдары- мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының заңды жалғасы іспеттес. Саяси маңызды құжатты  талқылауға сан-салада еңбек ететін өңірдің белсенділері, мемлекеттік қызметшілерден бастап қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар. ардагерлер, жастар қатысты.Ия, жолдау- көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді дөп қозғады.  Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, білім сапасын жақсарту, медицина, әлеуметтік көмек, зейнетақы жүйесін жетілдіру тағысын тағы.
Маңызды мәселелермен қатар мерейтойларды да естен шығармаған жөн. Мысалы, егемендігіміздің  30 жылдығы, Әл-фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы Абайдың 175 жылдығы. Айтулы даталарға орай, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары «Ақтөбеден-Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясын жасақтап, Ырғыз өзеннің бойында туған Абайдың арғы атасы Ырғызбай туралы тың деректерді зерттемекші. Жоғары оқу орнының басшысы сондай-ақ, Президент айтқан кәсіби бағдар беру мәселесіне де өз ұсыныстарын   жеткізді. Мемлекет басшысы ұлы тұлғалардың мерейтойы арқылы олардың еңбегін дәріптеуіміз керек деді. Алайда, ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс. Ынтымақтастық, тұрақтылық және сенім- президент уәде еткен саяси жаңғыруға жол ашпақ. Жиналғандардың да пікірі осыған саяды.  Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деді Президент. Жолдау талқыланған жиында тіл мәселесі де қозғалды.Жолдауда елге инвестиция тарту мәселесіне ерекше айтылды. Осы жиында қоғамдық ұйым өкілдері Ақтөбеге шетелдік инвестиция тартуға қатысты сұрақ қойды.Өңірде қытай зауыттары салынбайды. Тұрғындарды мазалаған сұраққа аймақ басшысы жауап берді.  Мәселенің ақ-қарасын осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов те нақтылады. Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин жолдауда айтылған міндеттерді  тиімді жүззеге асыру үшін бюірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Гүлдана Абайқызы, Самат Қалекенов, Арман Досмағанбетов, Ақтөбе телеарнасы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zholdau-zhuktegen-mindetter-talkylandy-1