Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас жұбановшылар Студенттер сарайында бас қосты

Жас жұбановшылар Студенттер сарайында бас қосты

Бүгін  Студенттер сарайында техникалық және жаратылыстану факультеттерінің жас жұбановшылары  университеттің қоғамдық ережелерімен танысты. Үшінші күнге жалғасқан дәстүрлі кездесуде Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков жас жұбановшыларды құттықтап, бүгінде университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттарының саны 16 мыңға жеткенін атап өтті.

«Қазірде біздің Жұбанов университетінде 16 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторнаттар білім алады. Биыл Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден 5 мыңнан астам студент  келді.  Алдағы уақытта Жұбанов университетінің беделі мен имиджі сіздерге байланысты», — деді Бауыржан Аманкелдіұлы.

Кездесуде университет ректоры 1-курс студенттеріне оқу ордасындағы Стартап академиясы мен Кәсіби даму және мансап орталығының жұмысы, тіл орталықтары, зертханалар, кітапханалар  мен цифрландыру процесі туралы да сөз қозғады.

«Университетте Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, студенттерге ыңғайлы болу үшін жақын арада Smart ARSU мобильді қосымшасы іске қосылады. Онда сіз университет, оқу процесі туралы кез-келген ақпаратты таба аласыз, қажетті қызметті сұрай аласыз», -деді.

Жиында студенттердің әлеуметтік-материалдық жағдайы, оқу процесі, тәрбие жұмысы, ғылыммен айналысуы, академиялық ұтқырлық мәселесі, спортпен, өнермен шұғылдануы және тағы басқа мәселелер де жан-жақты сөз болды.