Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жаманшың» экспедициясы

«Жаманшың» экспедициясы

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» базалық бағыты аясында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе облыстық планетарийі және Жұбанов университетінің «География және туризм» кафедрасының қатынасуымен Жаманшың метеорлы кратеріне Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы және ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Халықаралық шара аясында Жаманшың кратеріне жасалған экспедицияда Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі П.В.Флоренский бастаған Ресейдің және Қазақстанның бір топ ғалымдары, сонымен қатар университеттің «География және туризм» кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты А.М.Сергеева зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедицияның ғылыми-практикалық конференциямен жалғасып, онда «География және туризм» кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Әбденов, доцент А.М.Сергеева және география мамандығының студенттерінің баяндамалары талқыланды.

Айта кетейік, аталған  шара облыс аумағында орналасқан бірегей табиғи объектіге әлемнің назарын аудару, нысанды қорғау, Жаманшың кратеріне геопарк құру мүмкіндігін қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

«География және туризм» кафедрасы