Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғалым құрметіне арналды

Ғалым құрметіне арналды

Жұбанов университетінде белгілі қоғам кайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Әбдірахманұлы Айталының  80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралары аясында ғалымның «Шәкірт, ұстаз, ғалым» атты кітап көрмесі өтті.

Амангелді Айталы —  1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы, Володар ауданында балықшы отбасында туған. 1957 жылы Володар қазақ педагогика училищесін, 1964 жылы Гурьев педагогика институтын, 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1968 жылы кандидаттык диссертациясын корғады. 1968 жылдан Ақтөбе педагогика институтында (кейіннен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор болып қызмет атқарды. 1988 жылы Мәскеу қаласында философия ғьлымдарынын докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1990 ж. профессор ғылыми атағы берілді. Амангелді Әбдірахманұлы 1999-2007 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды. 2007-2010 жж. Қазақ гуманитарлық университетінің профессоры, 2010 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры. Ол 6 монография, 100 астам ғылыми мақалалардың авторы.

Көрмеге Амангелді Әбдірахманұлының еңбектері, дін және білімге қатысты кітаптар, мерзімді басылымдары қойылды.

Аталмыш шараға танымалы облыс әкімі, ақын-жазушылар, мерейтой иесінің замандас-әріптестері, шәкірттері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, білікті ғалымдар мен университет ұжымы қатысты.

Тағылымды шарадан соң жиналғандар «Хабар» телеарнасының ғалымның мерейтойына түсірген «Қазақты намысы қамшыласын» атты деректі фильмінің көрсетілімін ташалады.  Фильмнің көрсетілімде «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Думанұлы Кертаев тұғырлы тұлғаның адами болмысы, өмір жолы мен ғылым жолындағы табандылығы жайында әңгіме  өрбітті.