Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Инновациялық технологиялар паркі ашылды

Инновациялық технологиялар паркі ашылды

2017 жылдың 29 қыркүйек айында Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы қарсаңында Жұбанов университетінде Инновациялық технологиялар паркінің ресми ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелдіұлы жаңа ғимараттың ашылу салтанатының құрметті қонағы болды. Арын Амангелдіұлы жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, философия ғылымдарының докторы, профессор Айталы Аманкелді Әдірахманұлымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа ғимараттың қызыл лентасын қиды. Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар мен университет ұжымы тұсаукесер рәсіміне куә болды.

Сондай-ақ, олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған «Жобалық кеңсе» және зертханалар жұмыстарымен танысты. Аталмыш Технопарктегі «Мектепке арналған физикалық құрал-жабдық және роботтық техника шығару» зертханасы, «Диатомит» минералдарды байыту технологиясы, «Нанотехнологиялар», «Полимерлі композиттік материалдар», 3D моделдеуге оқыту, «Наноматериалдарды талдау», «Көлік ағымын зерттеу және басқару», «Микроскопия», «Виртуалды академия» тағы да басқа зертханаларды аралады.