Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техникалық мамандықтар студенттеріне арналған жаңа мүмкіндіктер

Техникалық мамандықтар студенттеріне арналған жаңа мүмкіндіктер

Бүгін Жұбанов университетінің студенттері табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Тау-кен ісі, металлургия, пайдалы қазбаларды байыту, химиялық инжиниринг, Органикалық емес заттар мен органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы болашақ мамандар «ERG» компаниясының қызметімен танысты.

Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқаруды жүзеге асырады: «Қазхром»ТҰК» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ), «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», АҚ «3-Энергоорталык»АҚ, «ТрансКом» ЖШС,«3-Энергоорталық» АҚ және «ERG Service» АҚ – жиынтығында Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары.

Кездесу барысында «Қазхром» ТҰК АҚ Тау-кен байыту өндірісі қызметінің жетекшісі Нұрлан Сәрінжіпов компанияның жұмысы, келешегі туралы, сондай-ақ Нұрлан Марқұсұлы Жұбанов университеті дайындайтын жас талантты кадрларға қызығушылық танытқаны туралы айтып берді. «Біздің жұмысшыларымыздың арасында Жұбанов университетінің түлектері  де бар, олардың арасында өндірісте жоғары лауазымды иеленген тұлғалар да кездеседі.  Мысалы, осы оқу ордасының түлегі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Жалғас Мұсабековті айтар едім», — деді Нұрлан Сәрінжіпов.

Одан кейін «Еуразиялық Топ» ЖШС мансапты басқару орталығының менеджері Арай Ахметжанова студенттерді брендпен таныстырып, болашақ мамандардың мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, «Тау-кен ісі», «Мұнай-газ ісі», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Экология», «Биология», «Физика», «Математика», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының 2-4 курс студенттері арасында «Kazenergy»компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылғы 2 қарашада мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету мақсатында құрылды. Өзінің 10 жылдық тарихында Қауымдастық мұнай-газ және энергетика кешенінің 80-нен астам ірі ойыншыларын, оның ішінде өндіруші және тасымалдаушы, сервистік және геофизикалық, уран және басқа да ұлттық компанияларды біріктірді. Ол мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және қоғамдық құрылымдармен тығыз әрекеттестік жасай отырып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің тұрақты дамуына жағдай жасайды.

Кездесуде «Kazenergy»қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина студенттерге бөлінген гранттар туралы айтып берді: «11 жылдан бері біз нақты техникалық ғылымдарға қызығушылық танытатын қазақстандық жастарға қолдау көрсету үшін жастар форумын өткізіп отырмыз, біз стипендиялар мен гранттар береміз (осы жылы 705 грант тағайындалды), олардың 19-ы Жұбанов университетінің студенттері. Осының барлығы бүгінде ел экономикасын жоғары деңгейге көтере алатын жастарға қойылатын талаптар», — деп атап өтті Ләззат Ахмурзина.

Сонымен қатар, «Kazenergy» қауымдастығы студенттер арасында үнемі конкурстар өткізіп тұрады. Осындай жарыстардың бірінде Жұбанов университетінің «24element» командасы финалға шығып, екі рет Нұр-Сұлтан қаласындағы семинарлар мен форумдарға шақырылған болатын.«Kazenergy» компаниясы өкілдерінің айтуынша, 24 қыркүйектен бастап студенттерге арналған жаңа конкурсқа құжаттар қабылдау басталды, олардың жеңімпаздары қазақстандық компаниялардың ірі кен орындарының бірінде тағылымдамадан өте алады. Шарттар туралы толығырақ www.kazenergy.com сайтында білуге болады. Жиында университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проекторы Рахым Бекназаров бастамаларды және бірлескен жұмысты қолдайтындығын білдірді.