Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Н.Байғанин атындағы аллея

Н.Байғанин атындағы аллея

Ақтөбеде Нұрпейіс Байғанин атындағы аллея ашылды. Жаңа демалыс орны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғазиза Жұбанова көшесіндегі ғимаратында орналасқан. Нұрпейіс Байғанин атындағы жаңа аллеяның дәл осы ғимараттың ауласында ашылуы тегін емес. Мұнда болашақ тіл мамандары білім алып жатыр.Оқытушылардың айтуынша бұл жер студенттердің сүйікті орнына айналуы тиіс. Жыр мүшайралары, ақындар айтысы мен өзге де шығармашылық кештер осы жерде ұйымдастырылмақ.Салтанатты шараға ақынның туыстары келді. Немерелері де осында. Нұрпейіс Байғаниннің  дастан, эпостық жырларынан үзінділер оқылып, өлеңдері оқылды. Аллеяға көшеттер отырғызылған. Жарықшамдар бар. Ақынның ескерткіші де орнатылған. Мемориалдың авторы-ақтөбелік мүсінші Жәдігер Кенбай. Университеттің жеке қаржысына салынған.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/nbaiganin-atyndagy-alleya