Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастар жемқорлыққа қарсы

Жастар жемқорлыққа қарсы

Бүгін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде студенттер үшін ашық есік күні өтті. Жастар департамент қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ғимаратты аралап шықты. Шара департамент пен жоғары оқу орындары арасында әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылған. Жемқорлықпен күресушілер жастарға сыбайлас жемқорлықтан алшақ болуды ескертті. Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін студенттер арасында бірнеше рет сауалнама жүргізілген. Департамент мамандарының сөзінше, сауалнама нәтижесінде былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл білім ордаларында жемқорлық азайған. Соңғы сауалнамаға 1500-ден астам студент қатысқан. Студенттердің 90 пайыздан көбі оқу орындарында жемқорлықтың жоқ екенін айтқан. Ал, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазір «Парасаттылық мектебі» жұмыс жасайды. Ай сайын студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар, тренингтер өткізіледі.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zhastar-zhem-orly-a-aarsy.html