Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлы Қобда елі – батырлар мекені

Ұлы Қобда елі – батырлар мекені

Құшақтарын жайып «Жұбанов керуенін» қарсы алған қобдалықтар зейін қойып университетіміздің жаңалықтарын тындап, білім бағыттарымен танысып, концерт тамашалап қана қоймай, университетімізге үлкен сыйлық жасады.

Жұбанов университетінде «Ұлы Қобда елі – батырлар мекені» атты кабинет ашып беруді жоспарлап отыр.  Бұл қуанышты хабарды  «Жұбанов керуені» жобасының аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінің кезінде аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет айтып өтті. Аудан әкімі өз сөзінде «…бұл әріптестіктің біздің оқушыларымыз бен мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімім мол» ,- деп, бұл жиынға қобдалық жерлестері атынан ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, университет ректорына аудан басшылығы Қобда ауданының 90 жылдығына арналған төсбелгісі мен естелік сыйлықтарын табыстады.