Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбановтардың мерейтойларына арналған шаралар өтті

Жұбановтардың мерейтойларына арналған шаралар өтті

Шаһарда бүгін Құдайберген Жұбановтың 120, Есет Жұбановтың 90 жылдық мерейтойлары өтті. Шараға қатысуға Қ.Жұбановтың ұлы Асқар Жұбанов, Жұбановтанушылар мен белгілі ғалымдар келген. Мерейтой Қ.Жұбанов атындағы университеттің ғимараттары алдына орнатылған Нұрпейіс Байғанин мен Қ.Жұбановтың ескерткіштеріне гүл қою рәсімімен басталды. Шара аясында 4 кітаптың тұсаукесері өтті. «Қ.Жұбанов» кітабы, Жұбанов шығармаларының толық жинағы мен «Қ.Жұбанов және қазақ руханияты» кітабы. Алғашқысында ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар бұған дейін ғылыми көпшіліктің назарынан тыс қалып келген газет-журнал беттерінде жарияланған мақалалары, өлеңдері, әңгіме-памфлеті, ғалым туралы таңдаулы естеліктер бар. Екінші кітапта профессордың тіл мәселелері, әдебиет, ауыз әдебиеті, мәдениет және тарихи тұлғалар туралы көзқарастары талданыпты. Құдайберген, Есет Жұбановтардың бибилиографикалық көрсеткіштері де жарық көрген. Ғалымдар мен профессорлар, Қ.Жұбановтың ұлы Асқар Жұбанов «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі X халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Асқар Құдайбергенұлы әкесі туралы естеліктерімен бөлісті. Конференцияға жиналғандар жоғары оқу орнындағы жаңа кабинеттер мен нысандардың ашылуына қатысты. Қазақтың тұңғыш профессор-лингвисті Қ.Жұбановтың 120 жылдығына арналған жыр мүшәйрасы да өтті. Ертең «Жұбанов керуені» жобасының жұмыс тобы Мұғалжар ауданына аттанады. Ауыл-аймақтарды аралайды.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zh-banovtardy-mereytoylaryna-arnal-an-sharalar-tt.html