Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түрлі буындағы түлектер бас қосты

Түрлі буындағы түлектер бас қосты

Жұбанов университетінде  үстіміздегі жылдың сәуір айында «Түлектер қауымдастығы» жұмысын бастаған болатын.

Республиканың түкпір-түкпірінен  «Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары — балаларды дамытудың ресурстық орталықтары»  біліктілікті арттыру курсына келген педагог-мамандар Жұбанов университетіне арнайы ат басын тіреді. 50-ден астам педагогтардың ішінде біздің де түлектеріміз бар.

Жұбанов университетіне экскурсия кезінде «Түлектер қауымдастығының» координаторы мен Кәсіби бағдар беру және қабылдау комиссиясының мамандары бас оқу ғимаратын аралатып, университеттің материалдық базасымен  таныстырды. Онда Ситуациялық орталықты, «ARSU store» дүкенін, «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығын, Құдайберген Жұбанов атындағы конференц-залды, Инновациялық технологиялар паркін, Студенттер сарайын, университет мұражайы мен «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығын және университеттің  ғылыми кітапханасындағы Тұңғыш Президент атындағы электронды оқырман залын аралады. Университетке келген делегация университеттің барлық білім бағдарламалары туралы, екінші жоғары білім мен магистратураға түсу шарттары туралы  ақпараттармен де танысты.  Ал, түлектер  өз кезегінде университеттегі орын алған жаңа өзгерістерге оң бағасын берді.

Түлектер қауымдастығына жауапты мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.