Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғалымның шығармашылығына арналды

Ғалымның шығармашылығына арналды

Филология факультетінде Құдайберген  Жұбановтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қ. Жұбанов лингвоәдіскер ретінде» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар түріктанушы, филолог, лингвист  Құдайберген  Жұбановтың шығармашылығына арналды.

Семинар барысында факультеттің бірқатар оқытушылары мен магистранттары баяндама жасады. Ғылыми шарада профессор, педагогика ғылымдарының докторы  Бақытгүл Құрманова  «Қ.Жұбановтың еңбектеріндегі грамматиканы зерттеу ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаса,   магистрант  Расима Нұрғазина қазақ мектептерінің 6 сыныбында етістікті оқытудағы ерекшеліктірі мен ұқсастықтары жайында ой өрбітті.

Ал, 1-курс магистранты Фатима Аралбаеваның  «Қазақ тіліндегі жай сөйлем және оның мектепте оқытылуы» тақырыбындағы баяндамасын жұртшылық ерекше қызығушылықпен тыңдады.

Семинар соңында қатысушылар кездесудің маңыздылығын, сондай-ақ алдағы уақытта осындай  семинарларды жиі өткізіп тұру қажеттігін атап өтті.