Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бес білім бағдарламасы аккредиттелетін болады

Бес білім бағдарламасы аккредиттелетін болады

Жұбанов университетіне мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында «Қазақстан инженерлік білім ассоциациясы KAZSEE» тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сарапшылар комиссиясының келуі күтілуде. Аталған агенттік аккредиттеу рәсімін университетте алғаш рет  өткізгелі отыр.

Аккредиттеуден өтетін білім бағдарламалары: 6В05302-Химия, 6B07203-Металлургия, 6В11301-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 7М07203-Металлургия, 7М07102-Химическая технология органических веществ.

Аккредиттеу рәсімі 2019 жылдың 5-6 қараша аралығында өтеді.

Сыртқы сарапшылар құрамы: төрағасы – Сембаев Нурболат Сакенович; шетелдік сарапшы – Заякин Олег Вадимович; ұлттық сарапшы – Сагинаев Аманжан Туремуратович; ұлттық сарапшы – Оналбаева Жанар Сагидолдиновна; жұмыс беруші – Арсланов Кайрат Фархатович; студент – Шакабаева Самал Алтынбекқызы; KAZSEE бақылаушысы – Салкараев Жаксылык Косакбаевич.

Сыртқы сарапшылар тобының 2 күндік жұмыс бағдарламасы: ректормен, проректорлармен, университет материалдық-техникалық базасымен танысу, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен сұхбаттар, бітірушілермен және жұмыс берушілермен әңгімелесу, бітіртуші кафедралар жұмысымен танысып, сабақтарға қатысу, жатақхана, кітапхана, медициналық қызметпен танысу және қорытындылау. Аккредиттеу барысында білім бағдарламаларының миссиясы, мақсаттары мен міндеттері, қызметті жоспарлау мен оның тиімділігі, білім беру бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрам және оқытудың нәтижелілігі, білім алушылардың білім деңгейі, ғылыми-зерттеу және қаржыландырылуы, материалдық-техникалық базаның, кітапхана мен ақпараттық ресурстардың қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес келуі толық бағаланатын болады.

Программа визита ВЭК KAZSEE в АРГУ_5-6 ноября 2019