Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды

Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды

Ағымдағы жылдың 31 қазан мен 1 қараша аралығында AlmaU Кәсіпкерлік пен инновация дамыту ортылығы мен Тель-Авив университетінің достар Ассоцияциясы Eurasian Resources Group компаниясының қолдауымен жүзеге асырылған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы ұйымдастырылған болатын. Аталған байқауға Жұбанов университетінің студенттері қатысып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жобалық жарысқа жолдама алды.

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы —  Eurasian Resources Group бастамасымен 2017 жылдың наурызында іске қосылды. Жоба ERG компаниясының кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.

ERG RG  — Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бірі кіретін әртараптандырылған ірі холдинг. Компания өзінің негізгі қызметімен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен жүйелі түрде айналысады.

Жоба қорытындысында Жұбанов университетінің студенттері, жас  стартаперлер «ADN Group» командасы «Bublle Puf» жобасымен жобалық жарысқа  жолдама алды.  Команда құрамында экономика және құқық факультетінің студенттері   Наргиз Төребаева, Дильназ Төребаева, Арслан Кенжетай,  Ермек Төлебайұлы  бар. Сондай-ақ , аталған байқауға «Papercraft» командасы да қатысты.   Команда құрамында  студенттер Салтанат Орманова, Данияр Базаркелді, Алишер Оразымбетов, Аружан Имашева, Руслан Ағанасов та жобалық жарысқа қосымша жолдама алып отыр.

Еске салсақ, ERG компаниясы ұйымдастырған жоба кәсіпкерлік саласындағы оқытушыларға қолдау көрсету, кәсіпкер жастардың бастамаларын дамытуға жәрдемдесу  мақсатында ұйымдастырылып отыр.