Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ұлттық экономиканың әлеуметтік мәселелері

Ұлттық экономиканың әлеуметтік мәселелері

«Өңірдегі әлеуметтік сфера қызметі нарығының дамуы және оны дағдарысқа қарсы басқару». Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде осындай тақырыпта ғылыми семинар өтті. Шараға сала мамандары, ғалымдар мен студенттер қатысты.  Жиналғандарға экономика ғылымдарының докторы, Балтық халықаралық академиясының профессоры Александр Машарский Латвиядағы қаржылық банк секторы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Шетелдік ғалымның айтуынша, Латвияда банк жүйесі тұрғындар үшін қолжетімді. Елдегі қаржылық ұйымдардың барлығы интернет-банкинг қызметін ұсынады. Несие рәсімдеу айтарлықтай жеңід.  Шалғай елдімекендердің өзінде банкомат орнатылған.  Семинарда  ақтөбелік ғалымдар да саланың  өзекті мәселерін талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынды.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/ulttyk-ekonomikanyn-eleumettik-meseleleri