Пятница, Август 7, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды

Ақтөбеде тоғызқұмалақтан 8-ші республикалық турнир өтуде. Дәстүрлі шара ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевті еске алуға арналды.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 10 команда қатысып жатыр. Қырғызстан республикасынан келген қатысушылар да бар. Барлығы да ұлттық спорт үйірмелерінің тәрбиеленушілері. Қазақстан чемпиондары да бар. ¤¤Өңірде ұлттық спорт үйірмелеріне қатысатын балалар саны артып отыр. Оған бүгінгі шара дәлел. Басында 80 бала қатысады дегенмен, сайысқа келгендердің саны 130 ға жетті.

¤Турнирдің мақсаты-тоғызқұмалақ ойынын халық арасында кеңінен насихаттау, жастардың қызығушылығын арттыру. Ұлттық ойынды халықаралық деңгейге көтеру. Жарыс жұма күні қорытындыланады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар бар.

Жанар Датқызы

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/togyzkumalaktan-respublikalyk-turnir-bastaldy-1?_utl_t=fb&fbclid=IwAR23pAiHawe6GAf5pWQ1ZHebG-sK5GVvCTgl5tjShtgUtMPPmmRrqI08lEM