Понедельник, Июнь 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімі өтеді

Жұбанов университетінің аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімі өтеді

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында ЖОО-ның келесі білім бағдарламаларына аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімі өткізіледі:

  • 5В011900-Шетел тілі: екі шет тілі
  • 5В021000-Шетел филологиясы
  • 5В042100-Дизайн
  • 5В090100- Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 5В090200-Туризм
  • 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 5В070500- Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • 5В070300/6М070300-Ақпараттық жүйелер
  • 5В060200-Информатика
  • 5В060600-Химия
  • 6М060200-Информатика
  • 5В030100-Құқықтану
  • 5В050700-Менеджмент
  • 5В051100/6М051100-Маркетинг
  • 5В010600-Музыкалық білім
  • 5В020700-Аударма ісі
  • 5В040900-Хореография

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг Сыртқы сараптау комиссиясының ұсыныстарын іске асыруды бақылау мақсатында аккредиттелген білім бағдарламасының аккредиттеуден кейінгі мониторинг критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.

Жоғарыда аталған білім бағдарламалары бойынша аккредиттеу рәсімі 2017 жылы екі кезеңмен өткізілді. Аккредиттеу рәсімінің қорытындысы бойынша АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы аталған ББ одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар берді. АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы ұсыныстары негізінде ЖОО-да ұсыныстарды орындау жөніндегі жоспар қабылданды (хаттама №5, 16 ақпан 2018 жыл).

Сарапшылар құрамы: Турткараева Гульнара Баяновна, п.ғ.к., «Математика» кафыедрасының доценті, стратегиялық жоспарлау, аккредиттеу және сапа менеджменті басқармасының жетекшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау), Ракишева Айгуль Куанышбаевна, э.ғ.к., доцент, халықаралық Ғылым және өндіріс практикасын ұйымдастыру академиясының корреспондент-мүшесі,  «Astana ExProClub – 2025» сараптамалық жобалау клубының мүшесі, Астана қ. Жобалау менеджерлер клубының мүшесі (Нұр-Сұлтан), Агенттік бақылаушысы — Шалабаева Жанзира Исмаилбековна, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жобасының жетекшісі.