Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Дефектолог мамандар тапшы

Дефектолог мамандар тапшы

Ақтөбеде республикалық оқу-әдістемелік кеңестің көшпелі мәжілісі басталды. Кеңес Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университет базасында құрылған. Ел аумағында өзекті мәселелерді талқыға салады. Өңірде басталған көшпелі мәжіліске Қазақстандағы 15 жоғары оқу орынының ректорлары жиналды. Ғалымдар үш күн педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи әдістерін ортаға салады. Әсіресе, ерекше балаларды оқыту тәсілдері мен дефектологтар даярлаудың тенденцияларына басымдық беріледі. Қазірде елде дефектолог мамандар жетіспейді,-дейді ғалымдар. Бұл көпке ортақ өзекті мәселе.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/defektolog-mamandar-tapshy