Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультеті 1 қазан – Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және қарттар күніне орай, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Ақтөбе қалалық қарттар, мүгедектер интернат үйіне барып, қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — студенттерді сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Шараға «Мұнай-газ ісі» кафедрасының студенттері және оқытушылары қатысып, интернат үйі аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді. Өнерлі жастар «Қарттарым – асыл қазынам!» атты  мерекелік концерт өткізіп, қарттардың алғысына бөленді.