Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > «Кітапхана фестиваліне» шақырамыз

«Кітапхана фестиваліне» шақырамыз

Құрметті оқытушылар, студенттер,  сіздерді «Кітапхана фестиваліне» шақырамыз!

2019 жылдың 4 желтоқсанында бас ғимарат кітапханасының холында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында «кітапхана фестивалінде»  біздің университет  ғалымдарының еңбектері көрмеленіп, насихатталады.

Шарамыздың құрметті көрермендері болуға, белсенділік танытып, ғалымдарымыздың еңбектерімен танысуға шақырамыз.

Келіңіздер ! Көріңіздер!

«Кітапхана фестивалінің»  бағдарламасы:

  1. Авторлар өздерінің еңбектері мен   басылымдарын насихаттайды;
  2. Авторлардың еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылады;
  3. Студенттер мен ғалымдар арасында пікірлесу өтеді;
  4. Ғалымдардан сұхбат алынып, пікір сұралады;
  5. Музыкалық шығармалар орындалып, би мен күй де назарларыңызға ұсынылады.