Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері үздіктер қатарында

Университет студенттері үздіктер қатарында

Жұбанов университетінің студенттері республикалық «Үздік студент» жобасының жеңімпазы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар жылына» орай талантты студенттерді бағалау мақсатында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздің ЖОО студенттерінің арасында байқау өтті.  Сайыс барысында жастардың ғылым, өнер, спорт саласындағы жетістіктері мен ұйымдастырушылық қабілеті басты бағдарға алынып, сарапқа салынды. Барлығы 800-ге жуық бақ сынаушы қатысқан байқауда 150 студент іріктеліп «Үздік студент – 2019» атанды.

Жеңімпаздар «Үздік студент» жобасы аясында Қазақстан ғалымдар Конгресінің қолдауымен шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының ІІІ-ші шығарылымына енгізілді. Айта кетейік, кітапқа отандық жоғары оқу орындарындары студенттерінің арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енген.

27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр Әлем» ЭКСПО ғимаратында өткен марапаттауда Жұбанов университетінің төмендегі студенттеріне арнайы кітаптар мен дипломдар  табысталып, төсбелгілер тағылды.

  1. Мадина Капина «Экология» мамандығының 2-курс студенті;
  2. Аружан Қуанышева «Мұнай-газ ісі» мамандығының 2-курс студенті;
  3. Бауыржан Назданов «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенті;
  4. Аида Нұрмағамбетова «Қазақ филологиясы» мамандығының 4-курс студенті;
  5. Айсезім Сәлімгерейқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті.