Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет колледжі Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Университет колледжі Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ғибратты ғұмыр-ұрпаққа үлгі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кештің мақсаты – Елбасының елімізді дамытудағы еңбегі мен мемлекет болып қалыптасудағы рөлін айшықтау.

Атаулы мереке барысында студенттер кемеңгер тұлғаның өмірбаянына толық шолу жасап, Елбасының сүйікті әндерін орындады.

Басқосуға жиналғандар Қазақстанның халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына Елбасымыз Н.Назарбаевтың өлшеусіз үлес қосқандығын атап, бүкіл әлем Қазақ елін танып, бастамаларына қолдау білдіріп жатқандығын айтты.

Шараға қатысқан «Nur Otan» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағанбетова Елбасы саясатын қолдайтын көшбасшы жастарды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, колледж директоры Гүлжан Үйсінбаева оқытушылар мен белсенді білім алушыларға арнайы алғыс хаттар табыстады.