Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Start-UP Fair» инкубациялық бизнес-идеялар байқауын жариялайды

Start-UP Fair» инкубациялық бизнес-идеялар байқауын жариялайды

Жұбанов  университеті және «Атамекен» ҰҚП-ның Ақтөбе облысы филиалымен бірлесе облыстағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің білім алушылары арасында ұйымдастырылатын «Start-UP Fair» инкубациялық бизнес-идеялар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

І. Мақсаты мен міндеттері

  • Облыстағы жоғарғы оқу орындары мен (бұдан әрі – ЖОО) колледждердің білім алушыларының инкубациялық бизнес-идеяларын анықтау;
  • Үздік стартап-жобаларды іріктеу;
  • Білім алушыларды StartUP Академиясына шақыру арқылы, стартап-жобаларды дамыту;
  • Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу.

 

ІІ. Қатысушыларды тіркеу:

Стартап-жобалар байқауына қатысуға ниет білдірушілер 2019 жылғы    28 қараша сағ.10.00-ден бастап @startup.arsu инстаграм парақшасының басты бетінде орналасқан сілтемеге ену арқылы өтініштерін білдіре алады. Өтініштерді қабылдауды аяқтау: 5 желтоқсан 23.00-ге дейін.

 

IІІ. Уақыты және өткізілетін орны

  • 1-кезең: 2019 жыл 6-7 желтоқсан аралығы;
  • 2-кезең: 2019 жыл 20 желтоқсан

Жұбанов университетінде өтеді.

 

ІV. Стартап-жобалар байқауына қатысушылар мен өткізу шарттары

«Start-UP Fair» инкубациялық бизнес-идеялар байқауына облыстағы ЖОО-мен колледждердің білім алушылары қатысады. «Start-up Fair» инкубациялық бизнес-идеялар байқауы Жұбанов университетінің ғылыми инновациялық бағдарламар департаментінің ұйымдастыруымен әзірленген Ережеге сай өтеді.

Байқау 2-кезеңнен тұрады. 1-кезеңге кез келген инкубациялық бизнес-идеясы бар білім алушылар қатыса алады. Әрбір бизнес-идеяларды таныстыруға немесе қорғауға 3 минут  уақыт беріледі.  Бизнес-идеяларыңызды слайд, бейнеролик немесе дайын өнім күйінде ұсынуға мүмкіндіктер қарастырылады. Егерде дайын өнім күйінде әкелген жағдайда әділқазылар тарапынан қосымша ұпайлармен бағаланады.

Сондай-ақ, 1-кезеңнен жобаларын сәтті қорғап, 2-кезеңге жолдама алған әр қатысушы өзінің бизнес-идеясы туралы қысқа мәтінді бейнеролик ұсынуы міндеттеледі.

 

  1. Марапаттау

Дипломдар мен бағалы сыйлықтар әр номинация арқылы үздік деп танылған инкубациялық бизнес-идеялар иегерлеріне табысталады (өндіріс, IT, дизайн, қызмет көрсету, туризм, тамақ өнеркәсібі, қоршаған орта, әлеуметтік салалар секілді бірнеше бағыттағы номинациялар).

 

Ұйымдастырушылар комитетнің байланыс телефоны:

8 (705) 630 46 51