Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қала туралы тың деректер арнайы жинақ болып шығады

Қала туралы тың деректер арнайы жинақ болып шығады

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қорытындыланды. «Тамыры терең, құтты мекен Ақтөбе» атты конференцияға облыстың белгілі азаматтары, ардагерлер, тарихшы ғалымдар қатысып, қаламыздың бүгінгі келбеті мен  дамуы туралы тағылымды ойлар айтты. Қала әкімі Мавр Абдуллин демеушілік көмек көрсеткен азаматтарды «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттады. Батыс Қазақстанның ең ірі экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы — Ақтөбе қаласына 150 жыл. Облыс орталығында биыл бірнеше саябақ жаңартылып, аудандар тарту жасады. Қала әкімі Мавр Абдуллиннің айтуынша, 7 балабақша мен 4 мектеп, 5 саябақ пен сквер ашылған. Тарихи ескерткіштер бой көтеріп, батырлар рухы ұлықталды. Экономикалық аймақта өнеркәсіп өнімі 474,7 миллиард теңгені құрап, 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның бәрі Ақтөбе агломирациясының даму көрсеткіші. Әскери бекіністен алып шаһарға айналған Ақтөбенің тарихы әлі зерттеуді қажет етеді. Жиынға қатысқан аға ұрпақ шаһардың дамуын жүйелеп, алдағы жоспарын тұрғындарға кең таныстыру үшін жаңа басылымның артық етпейтінін жеткізді. Зерттеушілер Ақтөбе тарихы туралы тың деректермен бөлісті. Қала туралы барлық құжаттар  Орынбордың архивінде сақталған. Өңірлік университеттің доценті, тарихшы ғалым Дәулет Әбеновтың айтуынша, құжаттар жүйеленіп жатыр. Алдағы уақытта арнайы жинақ болып жарыққа шығады. Шара барысында қала әкімі жыл бойы демеушілік көмек көрсеткен бір топ азаматқа «Жомарт жүрек» сыйлығын тарту етті. Бұл азаматтар түрлі қиындықттарға тап болған ақтөбеліктерге қаржылай қолдау білдіріп, қаланың көркеюіне үлес қосты. Саябақ, скверлерді салып берді.

Венера Серғазы, Аманжол Айтмағамбетов

«Ақтөбе телеарнасы»

http://aktobetv.kz/kz/news/society/kala-turaly-tyn-derekter-arnaiy-zhinak-bolyp-shygady