Суббота, Июль 13, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

Студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

«РИКА-ТВ»:

Студенттердің шәкіртақысы жаңа жылдан бастап ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жастар жылының жабылуы және волонтер жылының ашылуы салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25 пайызға көтерілмек. Бұл республика бойынша шамамен 130 мың студенттің шәкіртақысы өседі деген сөз. Бұлардың арасында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері де бар. Елімізде шәкіртақы 2016 жылдан бері көтерілмеген. Сондықтан президент жастармен кездесуде білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа жылдан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 пайызға көтеріледі. Дәл осындай қолдау колледж студенттеріне де көрсетіледі. Осы жылдың қыркүйегінен бастап жұмысшы мамандығыны алып жатқан 122 мың студенттің шәкіртақысы 30 пайызға артты. Бұл тағы да 100 мың адамға қатысты. Ақжолтай жаңалыққа жастардың өздері дән риза. Еліміздегі ең ірі ЖОО санатындағы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де қазір 15 мыңға жуық жас білім алады. Бұл санатқа тегін білім алушы студенттер де кіреді. Олардың барлығы ай сайын 24 мың 91 теңгеден шәкіртақы алады. Ал ата-анасы жоқ балалар 27 мың 233 теңге ай сайын мемлекеттен жәрдемақы алып отыр. Ал президент шәкіртақысын алатын 14 студентке қазір 41 мың 898 теңге төленеді. Бұл жастар мүлде төрттік баға алып көрмегендер. Магистранттар 53 мың, доктаранттарға 81 мың 998 теңге алады. Шәкіртақылар демалыс кездерінде де төлене береді.

http://rikatv.kz/kz/news/studentterd-sh-k-rta-ysy-25-payyz-a-sed.html