Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Еуразия мемлекеттерінің үздік жастары форумда бас қосты

Еуразия мемлекеттерінің үздік жастары форумда бас қосты

Жуырда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы достық және ынтымақтастық жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының Кунмин және Пекин қалаларында Еуразия мемлекеттерінің ең үздік жас мамандарынан құралған Жастар форумы өткізілді.

Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Молдава, Грузия, Украина және Беларусь елдерінің жас мамандары  жиналған жиынға Жұбанов университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері, қытай тілі оқытушысы Дәулет Қантөреұлы қатысты. Бір аптаға созылған жастар форумы жөнінде Дәулет Қантөрұлы өз әсерімен бөлісті.

—  Қазақстан Республикасының жас мамандары атынан Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген Еуразия мемлекеттерінің жас мамандарынан құралған Жастар форумына қатысу мен үшін күтпеген жағдай болды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің  «Бір белдеу — бір жол» стратегиялық жобалары қазақ жастарының даму жолына қалай әсер етті, қандай көмек әкелінді» тақырыбындағы өз мақаламды жазып ұсынған болатынмын. Бір апталық комиссия бақылау сараптамасының шешімімен менің мақалам үздіктер қатарынан танылып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы достық және ынтымақтастық жөніндегі комитетке жіберілді. Санаулы күндер ішінде Еуразия мемлекеттерінің жас мамандарынан құралған Жастар форумына қатысу шақыру хатын алдым. Іссапар барысында қолдау көрсеткен, университетіміздің ректоры, профессор Бауыржан Ердембековке, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқымға, Конфуций институтының қытай тарапынан директоры Цзян Хончжун мырзаға және ҚХР Қазақстандағы елішілігіне алғысымды білдіремін, — деді ол.

Университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері  Дәулет Қантөреұлының айтуынша, аталмыш шара Кунмин қаласында «2019 Шанхай-Кунмин Марафоны» шарасы ресми түрде ашылып, 35 мемлекеттен келген қонақтар мен қала тұрғындарынан құралған топ өкілдеріне Кунмин қаласының сұлулығын саяхаттар мен  салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүгіру шаралары ұйымдастырылған.  Сондай-ақ, Кунмин әкімшілігінің ғимаратында Юнань провинциясының партия комитететінің тұрақты өкілдері мен Кунмин қаласының мәрі Ван Силянның қатысуымен кеңес отырысы өткізілді. Еуразия мемлекеттерінен келген әр өкіл  өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал, Еуразия мемлекеттерінің  үздік жас мамандары жиналған Жастар форумы ғылыми конференциямен жалғасты. Мұнда ғылыми шараға қатысушылар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.