Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым студенттермен кездесті

Шетелдік ғалым студенттермен кездесті

Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында Быдгощ қаласындағы (Польша) Экономика университетінің Дене шынықтыру және спорт институтының директоры, профессор Александр Скалий семинар өткізді.

Кездесуде екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен жүзеге асырылатын ынтымақтастық тәжірибесі, сондай-ақ бірлескен жұмыстың алдағы жоспарлары талқыланды. Семинар барысында қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру жайы талқыланды. Кездесуге қатысқан оқытушылар мен студенттер шетелдік ғалдымға өз сұрақтарын қойып, жиынға белсенді қатысты.

Еске салсақ, Быдгощ қаласындағы  Экономика университетінің Дене шынықтыру институты  Жұбанов университетінің серіктесі болып табылады. Университеттер бірлесіп дене шынықтыру және спорт және аударма саласындағы мамандарды дайындайды.