Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым дәріс беруде

Шетелдік ғалым дәріс беруде

Жұбанов университеті мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институты арасындағы ынтымақтастық аясында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бабир Аминов маман шақырылған болатын.

Қос тараптың ынтымақтастығы аясында шетелдік ғалым  бір ай бойы университеттің «Тарих» мамандығының студенттеріне «Орталық Азияның тарихнамасы мен деректемесі мәселелері» тақырыбында дәріс оқиды.

Дәріс барысында шетелдік ғалым көрші мемлекеттің жоғары оқу орындары туралы кеңінен мәлімет беріп, тарих ғылымының басқа ғылымдардан айырмашылығы мен ерекшелігі жайлы айтты. Сонымен қатар ол аталған ғылым саласының маңызына да тоқталып, Орталық Азияның тарихнамасы мен деректемесі мәселелері жөнінде әңгімеледі.

Дәріс барысында шетелдік ғалым университет студенттерінің  кәсіби даярлығын жоғары бағалап, білім алушылардың білімге құштарлығы мен алғырлығын бірден байқаған.