Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе көшелеріне тек жасанды шырша қойылып жатыр

Ақтөбе көшелеріне тек жасанды шырша қойылып жатыр

Ақтөбеде саябақтар мен қоғамдық орындарға тек жасанды шыршалар қойылып жатыр. Ал орман алқабы мен тәлімбақтарда өсірілген қылқан жапырақты ағаштар құзырлы мекемелердің жіті бақылауында. Бұл өңірдегі орман қорында қарағай тұқымдас ағаштардың үлесі онсыз да тым аз.

Гүлімхан Тілесова, шыршаны қолдан жасағанды жақсы көреді. Бұған қоршаған ортаға қамқорлық жасау туралы ойы түрткі болған. Әрі Ақтөбенің айналасында да көздің жауын алатындай жайқалған шырша жоқ. Сондықтан да, ғаламтордағы суреттерді қатты қағазға түсіріп, түрлі-түсті бояу арқылы жасауды әдет қылған. Университетте дәріс беретін ол, шәкірттерін де осы іске баулып келеді.

Гүлімхан Тілесова, көркем еңбек және дизайн кафедрасының зертханашысы:

— Ормандағы шыршаларды кеспей-ақ, осындай түрлі қиылмен әртүрлі бұйымдарды жасауға болады. Интернеттен көп нәрсені қарап, өзіңнің қиылығды қосып, ойдан жақсы заттар жасауға болады деп ойлаймын. жаңа жылдық сыйлықтарды сыйлауға болады, үйдің де көркін келтіреді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/363770-a-t-be-k-shelerine-tek-zhasandy-shyrsha-ojylyp-zhatyr