Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Еліміздің ұстаздар қауымы үшін биылғы жыл ерекше есте қалатыны хақ

Еліміздің ұстаздар қауымы үшін биылғы жыл ерекше есте қалатыны хақ

Қазақ халқында мүшелдік жыл санау тышқан жылынан басталады. Тарихи деректерге жүгінсек жыл басында қиыншылық, жаугершілік, аштық көп болмаған. Керісінше татулық, ырыс, береке, тыныштықтың жылы болып есептелген. Сонымен қатар, тышқанның дәулет жиғыштығы да бар. 

2019 жыл барша отандастарымыз үшін жақсылықтарға толы болғаны даусыз. Мемлекет басшысы еліміздің педагогтер қауымы асыға күткен кәсіби мамандығымыздың мәртебесін биіктететін жаңа заңға қол қойып, Үкімет тарапынан білім саласын дамытуды көздейтін жоспарлы мерзімге белгіленген мемлекеттік бағдарлама мақұлданды.

Тышқан жылы тәуелсіз ел азаматтарының еңбекке деген құлшыныстарын оятып, бастаған істерін аяғына дейін жеткізетін мол жауапкершілік, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын  арттырсын.

Даулет Құсайынұлы АБЕНОВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

 https://bilimdinews.kz/?p=82036