Пятница, Декабрь 2, 2022
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық дәрігерлер күні

Халықаралық дәрігерлер күні

Жыл сайын қазан айының 5-і күні әлемнің дәрігерлері бұл мерекені атап өтеді. Бұл күн әлем дәрігерлері ынтымақтастығының және белсенді іс-әрекеттерінің күні. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен атап өтілуде.

Дәрігердің міндеті аянбай еңбек етуді, адамдарға деген асқан мейірімділікті талап етеді. Ол өз өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін де жауапкершілікті мойынына алады. Адам денсаулығын сақтау көп жағдайда Сіздердің білімдеріңіз бен шеберліктеріңізге байланысты.

Құрметті дәрігерлер, Жұбанов университеті емханасының ұжымы! Сіздерді Халықаралық дәрігерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Мықты денсаулық, отбасылық береке және қызметте табысқа жетулеріңізді тілейміз!