Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Абай > Абай – ұлттарды өзара байланыстырушы дәнекер

Абай – ұлттарды өзара байланыстырушы дәнекер

Хакім Абайды Қазақстанның бренді ретінде әлемге кеңінен таныстыру міндет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында ғұламаны ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттау керек екенін жазады.

Бұл көзқараспен абайтанушы ғалымдар да келісіп отыр. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті жанындағы «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Абат Пангереев Абай Құнанбайұлын – қазақ халқының рухани төлқұжатына теңейді. Себебі ұлы тұлғаның туындыларымен танысқан өзге ұлт өкілдері қазақтың жан-дүниесімен де таныса алады. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ әлемдік мәдениетте Абайды жоғары дәрежеде танытуға бар күш-жігерін жұмсаудан тартынбауы тиіс деген ойда.

Абат Пангереев, «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, профессор:

— «Сөз дегенім — қыз деген, рух оның күйеуі. Осы екеуін іздеген, жанды хафиз сүйеді» дегендей Абайдың сөзінің рухтығы сондай ол бұрынғы адамға да, қазіргі адамға да, ертеңгі адамға да түсінікті. Сондықтан Абай ұлттың өкілдерін, басқа ұлттың өкілдерін бір-біріне жалғастырушы дәнекер.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/366454-abaj-lttardy-zara-bajlanystyrushy-d-neker-professor-pangereev