Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Абай > Абайдың еңбектері – асыл мирас

Абайдың еңбектері – асыл мирас

Интеллектуалды ұлт – мығым мемлекеттің негізі.

Бұл туралы заманында Абайдың өзі айтып кеткен болатын. Бұқара халықты білім мен түрлі өнерді игеруге шақырып, өзге ұлттардың тілін білуге асық болуды мирас еткен. Бір ғасырдан астам уақыт өткеніне қарамастан данышпанның нақыл сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Күн санап өзгеріп жатқан әлемде ақынның еңбектеріне қайтадан көз жүгіртіп, жаңа қырынан тануға да болады. Ақтөбелік ғалымдардың айтуынша, қазақ даласының философы Абайдың еңбектерінен кез келген жан өзіне қажетті тәлім-тәрбие мен дәріс ала алады.

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры:

– Абайдың кез келген өлең сөздері өміршең. Мысалы, «біріңді — қазақ, біріңді — дос, көрмесең істің бәрі бос». Бұл қазіргі күнде де айтылатын сөз. Әрбір қазақтың маңдайшасына іліп қоятын сөз. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп». Көп ұлтты мемлекет дейміз, солардың барлығы бір ананың баласындай тату-тәтті тұрып жатуының арғы негізінде Абайдың сөздері жатыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/366858-abajdy-e-bekteri-asyl-miras