Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұмыс берушілермен байланыс

Жұмыс берушілермен байланыс

Қазіргі кезде кәсіпорындар мен ұйымдар үшін мамандар даярлау процесінде жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара байланысуы үлкен маңызға ие.

Филология факультетінде 13 өндіріс орындарынан өкілдерінің қатысуымен 2020-2024 жылдарға арналған білім бағдарламалары мазмұнын жұмыс берушілермен бірге жасақтау жиыны өтті.  Аталған факультетте әр кафедраның білім бағдарламалары бойынша жұмыс берушілер тарапынан модульдік білім беру бағдарламасына  қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес төмендегідей пәндер ұсынылды.

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» бойынша үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Тамара Кенжебаева «Қазақ тілін ЖББ оқыту әдістемесі», «Қазақ әліпбиінің тарихы» пәндерін, «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті» бойынша №13 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Ақтоты Сарбасова «Қазақ тілін оқытудың интерактивті модульдік технологиясы», «Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы», «Цифрлық  лингвистика»  бойынша Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының директоры Клара Серғазина «Мәтіндік ақпараттарды интеллектуалды өңдеу» пәндерін ұсынды.

«Филология: қазақ филологиясы» бойынша  major, minor мамандықтарға облыстық «Ақтөбе» қоғамдық саяси газетінің экономика бөлімі тілшісі Арайлым Нұрбаева «Ақпарат жинау және жазу шеберлігі» және «Онлайн БАҚ редакциясы жұмысын ұйымдастыру» пәндерін ұсынды.

№17 ОМГ орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Любовь Хабарова «Обучение русскому языку и литературе в обновленной системе образования», «Инновационные технологии в подготовке учителей словесников» пәндерін және №51 ОМГ Лейла Жайымова «Техника речи и выразительное чтение», «Новые подходы в преподавании русского языка и литературы» пәндерін ұсынды.

«Шетел тілі:екі шет тілі» білім бағдарламасына Ақтөбе қаласы №40 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Бауыржан Сарин, ағылшын  тілі пәні мұғалімі Жанна Ильясова, №51 гимназиясының директоры Гүлназия Дарибева және ағылшын тілі пәні мұғалімі Самал Оразова «Шетел тілінде көркем оқу негіздері» пәнін ұсынса, №2 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясының директоры Сания Данишева және ағылшын тілі пәні мұғалімі Марина Килина  «Шетел тілінде көркем мәтінді талдау» пәнін ұсынды. «Шетел тілі: екі шетел тілі» магистратура бойынша жаңадан енгізілетін «ХХІ ғасыр шетел тілі мұғалімінің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігі» атты пәндері ұсынылды.

Екі  minor білім бағдарламалары бойынша «Ақбөбек» мектебінің директоры Гүлнар Сагиева «Іскерлік корреспонденция» пәні, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің әдіскері Гүлжан Алиева «Мамандандырылған іскерлік ағылшын тілі» пәнін ұсынды және Ботагөз Крамбаева «Зере-тур» ЖШС директоры оқу процесінде «Фонетика практикумын» 3 семестр бойы оқытуға ұсыныс білдірді.

2020-2024 оқу жылына ұсынылатын білім бағдарламаларының жұмыс берушілермен бірлесе дайындалуы дайындалатын мамандардың еңбек нарығындағы орнын табуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Филология факультетінің 2020-2024 жылдарға арналған білім бағдарламалары мазмұнын жұмыс берушілермен бірге жасақтау жиынының нәтиежесінде білім бағдарламаларын ұсынылған пәндермен толықтыру туралы шешім қабылданды.