Четверг, Октябрь 1, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > «Мансап» мемлекеттік қызметтік мектебі

«Мансап» мемлекеттік қызметтік мектебі

Студент жастардың 70 пайызы мемлекеттік қызметші болуды армандайды. Олар үшін ең беделді жұмыс —  әкімдікте. Қаржы мен заң саласын таңдаудағы мақсаты сол дейді мамандар. «Мансап» мектебі жастардың бұл арманын орындауға септігін тигізіп жүр. Мәселен, былтыр осы мектептен дәріс алған 13 студенттің жетеуі мемлекеттік қызметші атанған. Бүгін бесінші маусымда оқитын студенттер қабылданды. Жігерлі жастар жайлы Жанар Датқызы әңгімелейді. 20 жастағы Таңшолпан Кереева С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 4-курс студенті. Болашақ қаржыгер. Облыстық ревизиялық комиссияда жұмыс істеуді армандайды. Бүгін ол «Мансап» мектебіне оқуға қабылданды. Мемлекеттік қызметші болу үшін диплом жеткіліксіз. Жас маманның психикасы төзімді, адал әрі еңбекқор болуы қажет. «Мансап» мемлекеттік қызмет мектебінде оқу мерзімі — 4 ай. Оның екі айында тәжірибе жинайды. Дәріс тек жоғары курс студенттеріне арналған. Әдеп кодексінен тест тапсырған үміткер ғана мектепке қабылданады. Оларға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының педагогтары сабақ береді. Ең үздік түлектер жұмысқа орналастырылмақ. Биыл мектепке 21 студент қабылдады.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/mansap-memlekettik-kyzmet-mektebi-1