Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Университеттің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасы жалғасты

«Университеттің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасы жалғасты

Жуырда тарих ғылымдарының кандидаттары, доцент Дәулет Абенов пен Бибігүл Абенова   Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай 85 авторлық  еңбектерін университеттің ғылыми кітапханасына  табыстаған болатын. Тарихшы ғалымдар кітапхана қорын сирек монографиялармен, жинақтармен және оқулықтармен толықтырып, бұл бастаманы жүзеге асыруда басқа факультеттерді де үлес қосуға шақырды. Осы орайда авторлар аталған оқу орнының мерейтойына үлес қосу мақсатында ұйымдастырған шара аясында «Университеттің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасын педагогика және филология факультетіне жолдады.

Соған орай, эстафетаны жалғастыру мақсатында бүгін  педагогика факультетінің бірқатар профессорлық-оқытушылық құрамы кітапхана қорын ғылыми-әдістемелік еңбектерімен толықтырды. Олардың арасында  «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Туребаева (2011 жылғы иегері), педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған (доцент) профессор Сәлима Сейтенова (2013 жылғы иегері), педагогика ғылымдарының кандидаты, факультет деканы Жанна Жусупованың (2017 жылғы иегері) авторлық ғылыми-әдістемелік еңбектері университет кітапханаларына табысталды.

Ғылыми еңбектер  педагогика, оқыту әдістемелері, психология, арнайы білім беру салаларына арналды.

Кітап табыстау рәсіміне қатысушылар кітап беру мен алмасу мәселесі оқытушылар үшін де, ғалымдар үшін де, студенттер үшін де ерекше бастама екенін жеткізді. Өз кезегінде факультет деканы Жанна Жусупова университеттің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған факультетішілік негізгі шаралар мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

—  Жұбанов университетінің 85 жылдығы аясында Педагогика факультетінде жоспарлы «ЖОО оқытушысының кәсіби іс-әрекетін модернизациялау: көзқарастар, үздік тәжірибелер» атты республикалық әдістемелік семинары, «Зерек» балаларды дамыту орталығында 85 көпшілік-мәдени шаралар, «Ұстаз ұлағаты» жобасы аясында тәжірибелі  ұстаздармен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта  осы мерейтой мен  респбуликалық пәндік олимпиада аясында  жас ғалымдарымен кездесу жоспарланып отыр, — деді.

Педагогика факультеті ұйымдастырған шара соңында аталған эстефета кәсіби-шығармашылық факультетіне жолданды.