Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Еріктілер мектебі: волонтерлік қызмет әрекет емес, әдетке айналу керек

Еріктілер мектебі: волонтерлік қызмет әрекет емес, әдетке айналу керек

Жұбанов университетінде жыл басында ашылған Еріктілер мектебінің ІІ кезеңі өтті. Оған өңірдегі студенттер, «Alash» мүгедектер қоғамының еріктілері, «Спортики» жобасының қатысушылары мен жас мамандар қатысты.

Басқосуда жастар қозғалысының белсенділері мен тәжірибелі еріктілері жұмыс істеу тетіктері  мен еріктілер ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.  Тренинг барысында еріктілерге үлгі болып жүрген мамандар  «Дыши Актобе» еріктілер тобының белсенді мүшесі,  «Жилстройсбербанк» АҚ бөлім басшысы Ольга Ганина, эковолонтер Сезім Асылбекқызы және облысқа белгілі белсенді жас Нарқозы  Қартжан  өз  тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде  университеттің «Педагогика және писхология» мамандығының магистранты, еріктілер тренері Райбек Сагадатов еріктілер мектебінің мақсаты туралы  әңгімеледі.

—      Қазақстандағы жастар жылынан тронсформацияланған еріктілер жылы қарсанында еріктілер мектебіне деген оқушылардың, колледж және жоғарғы оқу орны студентер мен жас мамандардың қызығушылығы жоғары. Біздің универсиеттегі еріктілер мектебінің негізгі мақсаты — қоғам арасындағы еріктілер қозғалысының пристижін жастарға волонтерге керекті дағдылар мен машықтарды меңгерту арқылы көтеру. Бүгінде мектептің қоғамдағы сұранысқа ие екендігі қуантады. Алдағы жетіде бұл мектепте қырыққа жуық оқушыларды «прокачка» жасау жоспарлаған, — деді ол.

Тренинге қатысушылардың бірі Жұбанов университетінің 1 курс  студенті Ғазиза Асылхан:

— Мен тренингке бірінші рет қатысып тұрмын және тренинг өте жоғары деңгейде өтті. Барлық ойындар мен жаттығуларға көңілім толды. Осы уақытқа дейін еріктілер қозғалысы туралы көп білмейтінімді түсініп, өзіме қажетті ақпараттарды алдым. Жалпы көпшіл болу керек және қарым-қатынастан қашпау керек деп ойлаймын. Сондықтан мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, еріктілер мектебі ұлттық еріктілер лигасы және жастар саясаты департаментімен бірлесіп жұмысын жалғастырады. Айта кету керек, 100-ден астам ақтөбеліктер, олардың ішінде 40 жастан асқан тұлғалар қосымша білім алуға тіркелуге өтініш білдірді. Сондықтан мектеп өз қызметін кеңейтіп, жастар қозғалысының шеңберінде өз жалғасын табады.