Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет еріктілері заңгерлерге көмектеседі

Университет еріктілері заңгерлерге көмектеседі

Бүгін Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы әділет департаментінің өкілдері  облыстағы еріктілермен кездесу өткізді.

Аталмыш басқосу еріктілердің заңгерлерді халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру жұмыстарына тарту және құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер беру мақсатында ұйымдастырылды.

Жұбанов университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев волонтерлік қызметті дамыту мен ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде Ақтөбе облысы әділет департаментінің басшысы Бекболат Колумбаев,  Ақтөбе облысының сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы Манап Ниязбаев, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқа төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Ерманов пен қатысушы мамандар  ақтөбеліктерге студенттерге бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және заңгерлік көмек көрсетуге шақырды.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының нотариаттық палатасының басшысы Артем Коняхин студенттік кезіндегі еріктілік тәжірибесі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, нотариаттық палатаның  университетпен  серіктесі ретінде студенттерді өндірістік тәжірибеге ғана емес, еріктілер ретінде де шақыруға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Жұбанов университетінде еріктілердің басын біріктіретін  5 волонтерлық клуб жұмыс жасайды. Бұл ұйымдарда қазіргі уақытта  әлеуметтік, денсаулық, білім, экологиялық бағыт және өз-өзін дамыту салалары бойынша 500 ерікті студент бар. Сондай-ақ университетте жастар арасында еріктілік туралы түсінікті дұрыс қалыптастыру мақсатында «ProActive 2020» академиясында Еркітілер мектебі ашылды. Онда студенттер, магистранттар, мектеп оқушылары және жас мамандар да білімдерін жетілдіре алады.