Среда, Июль 8, 2020
Басты > Жаңалықтар > Ғалымдардың жемісті жетістіктері

Ғалымдардың жемісті жетістіктері

Бүгін Жұбанов университетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын құттықтау рәсімімен басталды. Онда отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, жетістіктерге қол жеткізген бірқатар ғалымдарға лайықты құрмет көрсетілді.

Алдымен  ректор Бауыржан Ердембеков физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеевті Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі дипломын алуымен құттықтады.

Содан соң  университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Абенова «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы» естелік медалімен марапатталып, «География және туризм» кафедрасының доценті Айгүл Сергееваға «География» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор  атағының куәлігі тапсырылды.

Сондай-ақ, отырыста Қазақстанның инженерлік білім ассоциациясы KAZSEE агенттігінің қорытындысы бойынша «6В05302 – Химия», «7М07102 –Химия», «6В11301- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «6В07203 – Металлургия», «7М07203 – Металлургия»  білім бағдарламалары 2019 жылғы 13 желтоқсаннан – 2024 жылғы 12 желтоқсанға дейін аккредиттелді.