Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет еріктілері фронт-офистің ашылуына қатысты

Университет еріктілері фронт-офистің ашылуына қатысты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан еріктілердің  «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты.

«Еріктілер жылына» орай  ұйымдастырылған шарада  Ақтөбе облысының еріктілер ұйымдарының 25 жетекшісінің ішінде Жұбанов университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Нарқозы Картжан да бар.

Фронт-офистың ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және еріктілердің  «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты  7 салалық бағыттары бойынша алаң таныстырылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын (ерікті миссия) қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда. Сондай-ақ, қатысушылар үшін екі күн бойы кездесулер мен семинарлар жоспарланған.

Айта кетейік, фронт-офис – кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық болып табылады, оның функциялары бүкіл республика бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіру және қоғамдық бақылауды қамтиды.

Жұмыс бірыңғай вертикаль принципі бойынша ұйымдастырылатын болады: «Республикалық фронт-офис – 17 аймақтық волонтерлерді қолдау орталығы – 85 өңірлік үйлестіруші». Бір орталықтан бірыңғай тәсіл мен модерациялау қамтамасыз етіледі. Бұл жобаларды іске асыруда қоғамдық, еріктілер мен мемлекеттік органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.