Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бибігүл Сейілқызы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

Бибігүл Сейілқызы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

Халықаралық мұғалімдер күні мерекесіне орай Шығармашылық Академиясында ұйымдастырылған облыстық салтанатты шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласына еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, Мақтау грамоталарымен, білім беру қызметкерлерінің облыстық және қалалық кәсіподағының бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Марапатталған ұстаздар ішінде университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Сейілқызы бар екендігін мақтанышпен айта аламыз.

Бибігүл Сейілқызы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жұбанов Университеті ұжымы Әбенова Бибігүл Сейілқызын білім саласындағы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!