Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу үшін сарапшылар тобының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2020 жылдың 25-28 ақпан аралығында өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 6В01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау
  • 6В02101-Хореография
  • 6В04107-Әлемдік экономика
  • 6В04108-Бизнес әкімшілік
  • 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 7М01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 7М01505-Биология
  • 7М01901-Дефектология
  • 7М02303-Шетел филология
  • 7М01404-Дене шынықтыру және спорт
  • 7М01704-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 7М04102-Менеджмент
  • 7М04104-Қаржы
  • 7М04108-Іскерлік әкімшілік
  • 7М04201-Құқықтану
  • 8D02304-Филология
  • 8D01301- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімін «ARQA» білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз Агенттігі жүзеге асырады. «ARQA» агенттігі коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым 2015 жылы құрылған.

«ARQA» агенттігі Республикалық аккредиттеу кеңесінің шешімімен танылған аккредиттеу органдарының 1 тізілімне енгізілген. «ARQA»  білім беру сапасын аккредиттеу және  сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі 2017 ж. 24 мамырында INQAAHE-ның толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. Мойындалған агенттік мәртебесін алу «ARQA» агенттігі қызметінің жоғары халықаралық стандарттар мен беделді мекеменің сенім куәлігіне сай екеніндігін дәлелдейді.