Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Санкт-Петербург қаласындағы ғылыми тағылымдама

Санкт-Петербург қаласындағы ғылыми тағылымдама

Жұбанов университетінің  тарих факультетінің 2-курс магистранттары 2020 жылдың 22 ақпан мен 02 наурыз аралығында Санкт-Петербург қаласында болып,  А.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

Университет магистранттары 10 күндік білім сапары барысында шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысып, Ленинград университетінің жоғары білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен танысты.

Жұбанов университетінің түлектері Санкт-Петербург қаласының тарихи орындарында болып, «Орталық мемлекеттік мұрағат» пен «Ресейдің ұлттық кітапханасында» атты ғылыми диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеулер жүргізді.

Тәжірибе соңында магистранттарға Ленинград университетінің арнайы сертификаттары табысталды.