Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет дизайнерлері марапатталды

Университет дизайнерлері марапатталды

 Бүгін Жұбанов университетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында оқу ордасының бірқатар дизайнерлері  марапатталды.
«Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының  аға оқытушысы, магистр Юлия Кузнецова Еуразиялық дизайнерлер одағының «Құрметті дизайнер» төсбелгісіне ие болды.  Ал, Еуразиялық дизайнерлер одағының «Дизайн саласында қол жеткізген жетістіктері үшін» төсбелгісі «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының  аға оқытушылары Қонысбек Қобланов пен Рита Каушеваға және университеттің Медиа орталығының дизайнері Жарас Молданиязовқа табысталды.
Құттықтаймыз!