Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Демалыс емес – Үздіксіз білім беру

Демалыс емес – Үздіксіз білім беру

Жұбанов университетінің студенттеріне алдағы апталарда қашықтықтан оқыту үдерісінің алгоритмдері түсіндірілді.

Бүгін барлық факультеттерде университет басшылығының студенттермен кездесуі өтті. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Бибігүл  Әбенова  студенттерге «Univer» жүйесі арқылы қашықтықтан оқу формасы туралы толықтай баяндады.

«Univer» жүйесімен қатар, оқу процесі электрондық пошта, whatsapp топтары , сондай-ақ әр студент оқытушылардың дәрістерін көре алатын факультеттердің YouTube-арналары арқылы жүзеге асырылады.

Аралық бақылау «Univer» жүйесінің жеке кабинеттерінде онлайн-тест түрінде өтеді.

Студенттердің айтуынша, олар осы жүйемен жақсы таныс, жеке кабинеттерден ақпарат алуды үйренген.

Проректор атап өткендей, қашықтықтан оқыту әдісінде қиындықтар туындамауы тиіс, басқа қалалардан келген студенттердің көпшілігі үйлеріне оралып, сол жақтан сабақ оқуларына  шешім қабылдады, ал жатақханаларда қалғандар үшін компьютерлік сыныптар жұмыс істейді және интернет қолжетімді.

Сондай-ақ, университет студенттерімен студенттер емханасының дәрігерлері әңгімелесіп, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын түсіндірді. Емхана меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазина  инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қабылданған іс-әрекеттер туралы айтып берді: бұл арнайы сүзгі, вирусқа қарсы препараттар қоры, маскалар, ЖРВИ белгілері мен температурасы бар барлық студенттерді бақылау.

Сабақ кестесіне сәйкес студенттер тыңдайтын бейне-дәрістер Zhubanov university телестудиясында жазылуда, факультеттердің YouTube-арналарына арналған материалдар дайындалып жатыр.