Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сабақтар онлайн режиміне ауысты

Сабақтар онлайн режиміне ауысты

Zhubanov university-де студенттер, докторанттар мен магистранттар қашықтықтан оқу форматына уақытша көшулеріне байланысты онлайн-оқыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Студенттер мен оқытушылардың қатысуымен видеоконференциялар Zoom және Skype платформасы арқылы өткізіледі. Оқытушылардың айтуынша, кері байланыс сондай-ақ whatsapp және қоңыраулар арқылы жүзеге асырылады.

Кесте бойынша барлық дәрістер факультеттердің YouTube арналарына жүктелді, силлабустар мен өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар, аралық бақылау «Univer»жүйесінде қолжетімдіі. Айта кетерлік жайт, 100-ден астам пән бойынша материалдар жазылып қойған, университеттің дәрістерін бейнетаспаға жазу жұмыстары жалғасуда.

Барлық оқушыларды қамту үшін онлайн сабақтар 2 ауысымда жүргізіледі, ал жатақханаларда қалған студенттер компьютерлік сыныптарда тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік бар.