Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Польшада білім алады

Польшада білім алады

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Гданьск университеті арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде халықаралық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Университетіміздің физика-математика факультеті «Физика» мамандығы бойынша 2 студентіміз 2017-2018 оқу жылының 1 семестрінде Польша Республикасы Гданьск университетінде білімін жетілдіретін болады.

Жұбанов Университеті мен  Гданьск университеті бірнеше жыл бойы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық орнатып келеді. Польша жоғары оқу орындарының арасында Гданьск университеті биология, биотехнология, химия, океанография, кванттық физика, филология, педагогика, психология, құқық және экономикалық ғылым мамандықтары бойынша көшбасшы университет болып танылады.