Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

2017 жылғы 5 қазанда «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы нормативтік іс құжаттар» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.Ж.Туребаева маман дайындау сапасын арттыру мақсатында ЖОО-ның рөлін көтеру тікелей профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық іс-әрекетіне байланысты екендігін айтты. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда негізге алынатын нормативтік құжаттарды таныстыру, олармен жұмыс жасау ережелері мен талаптарын түсіндіру қажеттілігін баяндады. Студенттердің педагогикалық практика кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы нормативтік құжаттармен жұмыс жасау қабілеттерін арттырудың маңыздылығын баяндады.

Сонымен бірге жаңартылған білім беру жағдайына көшудегі білім беру стандарттарындағы өзгерістер мен толықтырулар, мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін технологиялық карта, күнтізбелік жоспар құру ережелерін  сабақ барысында студенттерге таныстырудың қажеттілігі  семинарда талқыланды.